
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу

Павлодар облыстық қан орталығында 2015 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Павлодар облыстық қан орталығының директоры М.Т. Солтанов құттықтау сөзін сөйледі.
Ұжымды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, біздің ортақ үйімізге бейбітшілік, бақыт, денсаулық және барлық бастамаларға сәттілік тіледі.
Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты «Саламатты Қазақстан» Медициналық қауымдастығы» ҚБ-нің Құрмет грамотасы Павлодар облысының денсаулық сақтау ісін дамытуға жеке үлес қосқандары, өмірлік ұстанымы, жоғары кәсіптілігі үшін мына қызметкерлерге берілді:
1. Қанды тестілеу бөлімінің меңгерушісі - Т.В. Мулявко;
2. Сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі —М.А. Үтегенова
3. Қанды дайындау бөлімінің меңгерушісі —Г.У. Ахметова
4. Дайын өнімді дайындау кабинетінің медбикесі —И.В. Чуркина
ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК-ның әкімшілігі, кәсіподақ комитеті әріптестерді, донорларды және барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.