контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ЖРВИ-ның, тұмаудың (шошқа тұмауы) алдын алу бойынша семинар жүргізілді.

Дата: 2016-02-05 05:17:31
ЖРВИ-ның, тұмаудың (шошқа тұмауы) алдын алу бойынша семинар жүргізілді.

«Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-нда 2016 жылғы                         3 ақпанда ЖРВИ-ның, тұмаудың (шошқа тұмауы) алдын алу бойынша семинар жүргізілді. Қан қызметінің бүкіл ұжымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің (Департамент директоры Б. Байсеркин) Қазақстан Республикасындағы ЖРВИ және тұмау бойынша қалыптасқан жағдай туралы хатымен таныстырылды. «ПОҚО»КМҚК-ны қызметкерлерінің эпидемияға қарсы режимді: маскалық режимді сақтау, кабинеттерді тазартып, таза ауа кіргізу, ПОҚО-ы құрылымының барлық кабинеттерінде дезинфекциялық режимді (ағымды дезинфекция өткізу) сақтау туралы бұйрығы оқылды. Семинарды эпидемиолог дәрігер Н.И. Бабина өткізді. Ол медицина қызметкерлерінің тұмауға қарсы екпемен қамтылуына назар аударды (50%). СӨС бойынша жауапты Л.П. Власова келіп-кетушілер үшін денсаулық бұрыштарын ресімдеді және қызметкерлерді орталықта бар АББМ-мен таныстырды. Осындай семинар «ПОҚО» КМҚК-ның Екібастұз бөлімшесінде жүргізілді.