
Трансфузиологтарға арналған тұрақты қолданыстағы семинарды өткізу туралы.

Павлодар облыстық қан орталығының негізінде 2016 жылғы 17 ақпанда Денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына сәйкес медицина ұйымдарының трансфузиолог дәрігерлеріне арналған облыстық семинар жүргізілді. Шақырылғандар қатарында Павлодар облысының ТҚҚД-нің АІИ-ны эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы М.Г. Радинцева және ЖҚТБ ОО-ның эпидемия бөлімшесінің меңгерушісі Н.И. Бабина болды, олар донорлықтағы және Павлодар облысымен бірге Қазақстан Республикасы бойынша тұрғындар арасындағы трансфузиондық инфекциялардың (АИТВ/ЖҚТБ, ВГС, ВГВ) аурушаңдығы туралы эпидемиологиялық жағдай жөнінде өздерінің шағымдарын баяндады. «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-ның дәрәгері Қ.К. Оспанов «Гемотрансффузиондық көмек көрсету бойынша медицина ұйымдарының қызметтерін талдау» баяндамасымен сөз сөйледі. Ол трансфузиология бойынша әрбір медицина ұйымының жұмысын баяндады. Сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі М.А. Өтегенованың баяндамасы ерекше назарды аударды. Ол өз ақпаратында ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 29 мамырдағы №417 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен жаңа «Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы» N 666 бұйрығын толық айтты.