
«Info Donor» ақпараттық жүйесі енгізілген
Дата: 2016-06-08 06:59:59
ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК-нда 2014 жылғы 19 мамырдан бастап «Info Donor» ақпараттық жүйесі енгізілген, ол инфекциялық қауіпсіздікті және шығарылатын қанның құрамдас бөліктерінің жоғарғы сапасын, адами фактордың болмауын қамтамасыз етеді. «Info Donor» жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі: - донордың бірыңғай тізімін құруға; - дайындалған қан мен оның құрамдас бөліктерінің автоматтандырылған есебін қамтамасыз етуге; - қанның құрамдас бөліктерін өндірген кезде уақытша кідірісті қысқартуға; - қанның құрамдас бөліктерін өндіру процесін стандарттаруға және өндірістік процестердің сыни көздерін анықтауға; - донордан реципиентке дейін тізбені қадағалауға мүмкіндік беретін қанның құрамдас бөліктерінің қорларын бақылаудың тиімді жүйесін құруға; - қан орталығы қызметінің айқындылығын жоғарылатуға, қан орталығының қызметкелер жұмыстарының экономикалық тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.