
Сапаны бақылау бөлімі атты құрылымдық бөлімше құрылды
Дата: 2016-06-08 07:02:25
Павлодар облыстық қан орталығында 2011 жылдан бастап Сапаны бақылау бөлімі атты құрылымдық бөлімше құрылды. Бөлімнің қызметі мыналар болып табылады: - кіріспе бақылау - өндіріс процесіндегі бақылау - дайын өнімнің сәйкес келуін бақылау - өндіріс кезінде қан өнімдерінің зарарсыздандырылуын және ішкі орта объектілерін бақылу - қан өнімдерін сақтауды және беруді бақылау - ішкі аудит. Үлкен назар шығарылатын өнім сапасының мәселелеріне бөлінген, сондықтан бұл бөлімше шығарылатын қанның құрамдас бөліктерінде әрбір трансфузиондық орта үшін тиісті талаптардың көрсеткіштерін белгілеумен айналысады. Сапаны бақылауға қанның құрамдас бөлігінің 1%-ы жатады. Құрамында эритроциттер бар құрамдас бөліктердің сапасын бағалау үшін көптеген сипаттамалар пайдаланылды. Тәжірибелік жұмыс үшін ең өзекті көрсеткіш – гематокрит, дозада гемоглабиннің және % гемолиздің болуы болып табылады. Шығарылатын қанның құрамдас бөліктері стандарттың талаптарына сәйкес келеді.