
V жазғы спартакиада
Дата: 2016-06-13 02:12:09
2016 жылдың 11 маусым күні медицина қызметкерлері арасында футбол бойынша V жазғы спартакиада өтті. Іс -шараны облыс денсаулық сақтау басқармасы жəне денсаулық сақтау қызметкерлерінің кəсіподақ комитеті ұйымдастырды. Футбол бойынша спартакиадаға аудандық ауруханалар жəне облыстық қан орталығының қызметкерлері қатысты. Облыстық қан орталығының құрама командасы жоғары шеберлік пен абыройлы нәтижені көрсетті, құрмет грамотасымен наградталды. Спартакиада жаңа жолдастар мен дағдыларды алу үшін,ұжымдар арасында достық қатыныстарды нығайту үшін тамаша алаңға айналды. Медицина қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты əйгілеуге əсер етті.