контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

флэшмоб-науқан

Дата: 2016-06-14 07:58:52
Павлодар облыстық қан орталығы Қазақстан Республикасының «Красный Полумесяц» Павлодар облыстық филиалының еркін адамдарымен бірге 14 маусым күні аталып өтетін Дүниежүзілік донор күніне арналған флэшмоб-науқанды 2016 жылғы 10 маусым күні «Batyr Mall» ойын-сауық сауда орталығының негізінде өткізді. 2016 жылғы Дүниежүзілік донор күні науқасының тақырыбы - «Қан баршамызды біріктіреді!», ұран – «Өміріңмен бөліс, қан тапсыр!». Осы флэшмоб-науқанының мақсаты ақысыз еркін қан донорлығын насихаттау, қан донорлығы болу мүмкіндігі, қоғамның үнемі ақысыз қан донорлығының қажеттілігіне қатысты хабардар болуын арттыру, ақпараттық-білім беру материалды барлық әлеуетті қан донорларына тарату (жадынама, буклеттер), қан банкінің қорын толтыру болып табылады