2017 жылғы 17 қаңтарда «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК-нда Павлодар облыстық қан орталығымен бірге «Жүректен жүрекке» науқаны өтті
Дата: 2017-01-20 08:42:19

ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-ны ұжымы Қан орталығының донорлық қан қорын толтыру үшін донорлық қанды тапсыру бойынша науқанды өз еркімен және өтеусіз өткізуге ниет білдірді. Іс-шара адам бойында жоғары адамгершілік қағидаларды – мейірімділікті, ықыластылықты және ізгілікті тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі. Елімізде өтеусіз донорлар санының ұлғаюы – әлеуметтік климатты жақсартудың көрсеткіші, азаматтық қоғам көзқарасын күшейтудің көрсеткіші. Жүргізілген науқан барысында кардиологиялық орталықтың 73 қызметкері қан тапсырды. Жыл сайын қан және оның компоненттерін құю арқасында миллиондаған адамдардың өмірлері құтқарылады, өмірге қауіп төндіретін жағдайлары бар пациенттердің өмірлері ұзартылады. Науқан қоғамның назарын өтеусіз тұрақты қан тапсыруды дамыту қажеттілігіне аударуға бейімделген.