контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Халыққа арналған ақпарат

Дата: 2010-01-13 18:00:00

Павлодар облысында жылсайын Облыстық және Екібастұз қаласының қан орталықтарымен 6 тоннадай донорлық қан дайындалады, донорлыққа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының, жақын орналасқан аудандардың тұрғындары қатысады. Қан орталығының қызметі туралы ақпарат Денсаулық сақтау басқармасының сайтында орналастырылады және жаңартылады. Донорлықты БАҚ арқылы насихаттаймыз: «Акцент на здоровье», «Компаньон», «Звезда Прииртышья», «Новое время» «Сарыарка самалы» газеттері, теледидарда – «Қазақстан-Павлодар» арнасында - «Общественное здравоохранение», дөңгелек үстел «Денсаулық» бағдарламаларында, «КТК -7» және «Ирбис» арналарындағы жүгіртпе жолдары, № 1,2,7,8 трамвайдағы дыбысты жарнама, кәсіпорындарда радио-дәріс өткізу арқылы, халық арасында жарнамалық кітапшаларды тарату арқылы, Естай к-гі билбордта жарнама орналастыру, кәсіпорындардың, ЖОО бірінші басшыларына, аудан және ауылдық округтердің әкімдеріне, ауруханалардың, ОАА-ның бас дәрігерлеріне үндеу жолдау арқылы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен - 14 маусым «Донорлар күні» деп белгіленді.

«Донорлар күні» БАҚ-та жарияланады, қан қызметі халықты донорлыққа тарту бойынша түрлі науқандарды өткізеді, «Кұрметті донор» атағы бар адамдарды құттықтайды. Денсаулық сақтау басқармасы мен облыс қан орталығының қолдау хаты бойынша 2007 жылы Ақсу қаласының әкімдігімен «Кұрметті донор» атағы бар адамдарға 5, 0 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек берілді. ҚР ДСМ тізімі бойынша «Медициналық қызметкер күні» донорлыққа қатысқан адамдарға және қанның нормативтік донация талаптарын орындаған адамдарға «Кұрметті донор» атағы беріледі.

Қан қызметінің өндірістік қыметі бірқатар нормативтік құжаттармен реттеледі, мысалы: «ҚР қан және оның құрамбөліктерінің донорлығы» 2005ж., ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі 2009ж., «ҚР 2008-2010 жылдары қан қызметін нығайту шаралары туралы» бағдарламасы, ҚР Үкіметінің 21.12.2007ж. № 1251 Қаулысы, «Павлодар облысында 2008-2010 жылдары денсаулық сақтау жүйесін қайта құру» 14.03.2008ж. № 49/4. бөлім 9 «Қан қызметінің жұмысын нығайту туралы».

Қанның дайындалуы Облыстық бюджеттен қаржыландырылады, донорлық қанның құрамбөліктерін қажет ететін науқастарды қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан қан құрамбөліктері тегін беріледі. Донорлыққа қатысатын адамдарға Үкіметпен белгіленген тарифтер бойынша ақшалай өтем ақы төленеді. Есеп айырысу қан тапсырған күні жүзеге асырылады.

Донорлыққа қатысуға ниет білдірген адамдарға медициналық талаптар қойылады: жасы, денсаулық күйі жтб.

Қан донорлығы және мүшелер мен тіндердің донорлығында мәселелі жақтары бар, мысалы әлеуметтік-биологиялық, демографиялық, этникалық, діни ж.т.б.

Резусы теріс донорлық қанын дайындауда өз ерекшеліктері бар, себебі резусы теріс адамдар саны аз, мысалы еуропа елдерінде резусы теріс адамдар саны 14 % құрайда, ал Азия елдерінде халықтың 7 % теріс резус факторы бар.

Резусы теріс қан құрамбөліктерін барлық топтағы 120 резусы теріс донорлар қамтамасыз етеді.

Донорлық қанның топтық және резустық қатынсына қарамастан, донорлық қанның құрамбөліктерімен облыс тұрғындары 100% қамтылады. Облыс емдеу ұйымдарына жылсайын 2 мың литрдей жаңа мұздатылған плазма беріледі, осы көлемде құрамында эритроциттері бар орта, бұдан басқа өтініш бойынша науқастардың қажеттілігіне қарай қан құрамбөліктерінің жеке құрамбөліктері дайындалады, мысалы тромбоконцентрат, криопреципитат, ЭМОЛТ, диагностикалық стандарттар ж.т.б.

www.depzdrav.gov.kz сайтында қан қызметінің жұмысы туралы мәлімет бар.

Кез келген сұрақтарыңызды электрондық мекенжайға жолдай аласыздар: ock_admin@list.ru, ock_regеstratura@mail.ru.