контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Бөлімнің жұмысы және жабдықталу туралы ақпарат

Дата: 2010-01-27 18:00:00

Донорлықтың ұйымдастырылуы ҚР ДСМ 10.11.2009ж. № 680 бұйрығымен айқындалады.

Қан және оның құрамбөліктерінің доноры он сегі жасқа толған, қан арқылы берілетін жұқпаларға: АИТВ, В және С гепатиттері, венер.ауруларға міндетті тегін медициналық тексеруден өткен, медициналық мақсатта қан тапсыруға еікті ниет білдірген ҚР азаматы бола алады. Облыста жылсайын донорлыққа 15000 адамдай қатысады, осылардың ішінде 2500 түрлі себептерден донорлыққа жіберілмейді.

Қан дайындаудың экипаждық (орынға шығумен) тәжірибесі енгізілді, оны арнайы автотранспорт қамтамасыз етіді, Павлодар, Екібастұз, Ақсу және аудан орталықтарының донорлық потенциалы пайдаланылады.

2009ж. сапарлық донорлықта дайындалған қан 14% құрады, орта республикалық көрсеткіш - 12%.

2. Донорлық қанның дайындалуы шетелде өндірілген (Италия, АҚШ, О. Корея, Жапаон елінде) түрлі үлгідегі біржолғы гемакондарға қамтылады.

Дайындау бөлімі барлық қажетті арнайы медициналық жабдықтармен және заманауи технологиялармен қамтылған:

- плазманың байланыс жедел мұздатқыштарда (Люксембург) «шок» амалымен мұздатылады.

- рефрижераторлық центрифугалар (АҚШ, Германия) – қанның құрамбөліктерге қауіпсіз және сапалы тазалануын қамтамасыз етеді.

- плазмаферез аппараты PSC (АҚШ) автоматты тәртіпте белгіленген плазма көлемін алуды қамтамасыз етеді.

- автоматты қан фракционаторы (Жапон елі) автоматты түрде тұтас донорлық қанның құрамбөліктерге бөлуді қамтамасыз етеді.

- донорлық қанның лейкофильтрациясы (Италия) жұқпалардан тазаланған эритроцитарлық плазманы алуға мүмкіндік береді.

3. донорлық қанның зертханалық зерттелуі заманауи жабдықтар мен технологиялармен қамтамасыз етіледі:

- клиникалық-биохимиялық зерттеулер: гематологиялық талдатқыш (Жапон), биохимиялық талдатқыш және белок фракцияларының талдатқышы (Италия). Иммунологиялық гематологиялық қауіпсіздікті СканГель (Франция) қамтмасыз етеді.

- донорлық қанның гемотрансивтік жұқпаларға зерттелуі иммундық ферменттік талдатқыштармен қамтамасыз етіледі: BIO RAD «EVOLIS», «TECAN» (Франция, Австрия).

4. дайындалған құрамбөліктердің сақталуы заманауи арнайы медициналық тоңазытқыштармен қамтамасыз етіледі (Жапон, О. Корея), температурасы – 86С дейін.

2009 жылы «TELEDOR» (Германия) модуль-мұздату камерасы іске қосылды, 2,5 тоннадай жаңа мұздатылған плазманы ұзақ мерзімде сақтауға мүмкіндік береді.

Термостаты бар тромбомиксер (Ресей) автоматты тәртіпте дайын күйде 5 тәулік бойы, босануға жәрдемдесу және онкогематологияда пайдаланылатын тромбоконцентратты қамтамасыз етеді.

4. ҚР Облыстық қан орталықтарының 2009 жылғы қызметіне мониторин жасау бойынша облыс қан қызметінің басқа орта республикалық орталықтармен салыстырғанда келесі:

донация көрсеткіші – 19,4 орта республикалық– 17,

аппараттық плазмаферез үлесі- 66% қарсы көрсеткіш 20% , сапар жағдайында дайындалған қанның үлес салмағы – 14% қарсы 12% , мед ұйымдарға берілген фильтрленген және карантинге қойылған ЖМП үлес салмағы - 64% қарсы 38%, ал эритроцитқұрамдас орталар – 49% қарсы 17,5%. Толық ақаулық – 3,4% қарсы 5,7%. Облыс медициналық ұйымдары қан құрамбөліктермен 98-100% дейін қамтылады, қарсы көрсеткіш 90%, дәрігерлердің санаттылығы – 78% қарсы 40%, орта мед қызметкерлердің санаттылығы – 60%, қарсы 50%, басқа көрсеткіштер бойынша да оң динамика байқалады.