контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

14 маусым- Дүниежүзілік донор күні

Дата: 2010-05-20 18:00:00

14 маусым- Дүниежүзілік донор күні

ДДСҰ 14 маусымды өз қанын тапсырып басқа адамдардың өмірін сақтап денсаулығын жақсартуға көмектесетін миллиондаған адамдарға ризашылықты білдіру күні деп белгіленді. Осы күні ауруханалар мен клиникаларда қан қорының тапшылығын болдырмау үшін тұрақты қан тапсыру қажеттілігіне назар аударылады, әсіресе донорлық қаны шектеулі мөлшерде болатын дамыған елдерде. Донорлық қанның төмен көрсеткішімен (мың адамға шаққанда донорлықтың 10 жағдайдан төмен саны) 80 елдің ішінде 79 дамып жатқан ел деп есептеледі.

Осы жылсайынғы шараның мақсаты адамдарды донорлыққа шақыру. Осы күні денсаулық сақтау жүйесі мен саясатты әзірлейтін адамдар бүкіл әлемде қан құюды қауіпсіз және әрбір адамға қол жетмді ету үшін тырысып жатқанын көрсетеді.

"Әлем үшін жаңа қан" – бұл 2010 жылғы Дүниежүзілік донорлар күнінің ұраны, басты назарда жас донорлар. Жастар қан тапсырып және басқа жастарды қан тапсыруға шақыра отырып, қомақты үлес қоса алады.

Облыстық қан орталығы (Естай к-сі 79)

10.00 - 17.00 .

нағыз мықты әрекет жаса

қан доноры бол!

Сенде біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар!

Қан және оның құрамбөліктерінің донорлығы денсаулығың үшін қауіпсіз!

Донорлықсалауатты өмір салтының бір бөлігі болып табылады. Қан тапсырған сайын ағзадағы заттардың алмасуы жақсарады. Жүйелі донорлық миокард инфаркті тәуекелін 5 есе төмендетеді, адам өмірін ұзартады...

Донорға арналған ақпарат:

Сіз донор бола аласыз, егер:

деніңіз сау болса;

дене салмағыңыз 50 кг. Кем болмаса;

жасыңыз 18 асқан болса;

Сіз Павлодар қаласы мен облысының тұрғынысыз;

Сізде жұқпалы ауру жоқ, денсаулығыңызда аса қауіпті мәселелер жоқ.

Қан тапсыруға барғанда жеке куәлікті ала барыңыз.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

жеке куәлікті;

қан тапсыруға дейін:

қан тапсырар алдында екі тәуілік ішінде алкогольді пайдаланба;

қан тапсыру шарасын өткізер алдында ащы, майлы тағам жеме;

дәрі-дәрмектерді ішпе;

өтеусіз донорларға қан тапсырған күні қосымша тамақтану үшін 330 теңге мөлшерінде ақы төленеді, сондай-ақ жұмыстан босату туралы анықтама беріледі.

«Қан және оның құрамбөліктерінің доноры медициналық тексеруден өткен 18 жастан жоғары әрбір дені сау азамат бола алады.

«....Донорлық бірқатар медициналық мәселелерді шешу үшін өте маңызды. Жастар өз қанын тапсырғанда игі іспен қатар өздерін жаны кең, ықыласты адам екендерін көрсетеді...»

ҚАН ДОНОРЛЫҒЫБҰЛ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КӨРСЕТКІШІ; АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ ПЕН ӨМІРЛІК КӨЗҚАРАСЫ ...

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОРЛАР КҮНІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ - 14.06.2010ж.