— Штаттық кестеге сәйкес біздің ұйымымзда медициналық қызметтердің сапасын бақылау бөлімі бар. Бұл бөлімнің меңгерушісі — Мафруза Аманжолқызы Үтегенова. Бөлімнің құзыретіне: халыққа мемекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақыттылығы; медицина қызметкерлерінің әдеп және деонтология бұзушылықтарының жағдайларын талқылау кіреді.
— Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруші-фирмалардың медициналық өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеген кезде сыбайлас жемқорлық сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау үшін біздер апта сайын бөлімдер меңгерушілермен және тіркеу қызметкерлерімен түсіндірме жұмысын жүргіземіз:
— Қазіргі уақытта штат 100% қамтулы, қызметкерлер уақытында біліктілікті арттыру курстарын өтеді, барлық қызметкерлер атқарып отырған лауазымына сәйкес келетін сертификаттарға ие;
— Қызметкерлердің қолдарымен бекітілген демалыстар кестесіне сәйкес орталықта демалыстар қан орталығының үздіксіз жұмысын ұстау үшін кезекпен ұсынылады;
— Орталық директорының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 87-ө бұйрығына сәйкес БАҚ-мен жұмыс істеу бойынша жауапты болып қанды тестілеу бөлімінің меңгерушісі Татьяна Владимировна Мулявко тағайындады. Осы жауапты тұлға ай сайын Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына ақпарат ұсынады, осыған сәйкес қан орталығы телеарнада бірнеше рет сөз сөйледі.
— Ғимараттың бірінші қабатында кассаның жанында ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған прейскурант бағалары, сондай-ақ ұйымның жұмыс уақыты, дәрігерлердің жұмыс кестесі көрсетілген ақпараттық стенд бар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру!
2023 жылғы мамыр айында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, ШЖҚ "Павлодар облыстық қан орталығы" КМК-да "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес"сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
«Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-ның әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша жұмыс тобының ұсынымдарын орындау туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес мына ақпаратты ұсынады: