контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Емдеушілерді қолдау қызметі

 

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

 

«Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-нда Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58-бабына сәйкес ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ПАЦИЕНТ) құрылды, ол медициналық қызметтер сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асырады.

Директор бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес ҚЫЗМЕТТІ сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі М.А. Үтегенова басқарады. Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі бірінші басшымен бекітілген Ережемен реттеледі.

Мақсаты:

Донорлар мен тұтынушылардың құқықтарын заманауи, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алуда қамтамасыз ету.

Міндеті:

Қан орталығының қызметін медициналық қызметтер көрсету сапасын басқару бойынша үйлестіру.

Қызметтері:

— қан орталығы қызметінің денсаулық сақтау саласында стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша тиімділікті талдау;

— басшылыққа тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін  талдау нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпарат ұсыну;

— қызметкерлерді медициналық қызметтер  көрсету сапасын қамтамасыз ету  бойынша оқыту және әдістемелік көмек көрсету;

— қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлерді сапаны жақсарту және донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы  ақпараттандыру;

— медициналық қызметтер көрсету тәртібін бұзу факторларын анықтау;

  • Донорлар мен тұтынушылардың проблемаларын (арыздарын) бес күнтізбелік күннен аспай, пациенттердің медициналық қызметтер сапасы мен деңгейімен қанағаттандырылу дәрежесін сауалнама арқылы зерделей отырып, орнында шешу;

— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін алуды қамтамсыз ететін  ережелерінің сақталуын  бақылау.

Құрметті донорлар мен тұтынушылар!

Егер де Сіз:

—медициналық қызметтің сапасына қанағатсыз болсаңыз;

  • медицина қызметкері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;

 

  • Медицина қызметкерлері тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі көрсетілетін шеңбердегі медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражаттың босалаушылық факторларына тап болсаңыз;

 

  • Сондай-ақ, егер де СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Сіз ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ үнделуге құқылысыз.

ҚЫЗМЕТТІҢ басшысы сапаны бақылау бөлімінің басшысы — МАФРУЗА АМАНЖОЛҚЫЗЫ ҮТЕГЕНОВА болып табылады.

Қан орталығы, 3 қабат, сапаны бақылау бөлімі меңгерушісінің кабинеті, сағат 08-00-ден 17-00-ге дейін, телефоны: 8 (7182) 66-63-40

Біздің ұйымымызда медициналық көмекті алған кезде мәселелер туындаған жағдайда Сіз:

Қан орталығының директоры –  АРДАҚ МУБАРАКҰЛЫ КУЗЕКОВКЕ үнделе аласыз.

Әкімшілік, 2 қабат, бас дәрігердің қабылдау бөлімі, сағат 08-00-ден 17-00-ге дейін, телефоны8(7182) 32-49-16 (қабылдау бөлімі), 8(7182) 32-48-32 тіркеу орны.

 

Сіздің өтініштеріңізді Сізге ыңғайлы түрде;

Азаматтардың өтініштеріне арналғанж жәшік арқылы;

Корреспонденттік почта арқылы мына мекенжай бойынша: Павлодар, Естай көшесі,79 үй. Қан орталығының сайты арқылы электронды почтамен: ock_admin@list.ruқабылдауға дайынбыз.

 

Сіз ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ телефоны арқылы үнделе аласыз  8(7182) 66-63-40.

 

Саll-орталығы: 662-499

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің  өтінішіңізді қарастырады және белгіленген мерзімде жауап ұсынады.